2013 жылдың 29 сәуір мен 14 мамыр аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде филология саласындағы белгілі маман, әлемге танымал ғалым, АҚШ Кентукки штатындағы Луивиль университеті Ағылшын тілі кафедрасының доценті, Phd докторы Мэри Исабель Роснер өз дәрістерін оқуда.

Луивиль университетінің ғалымы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға университеттің шетел ғалымдарын оқу үрдісіне жұмылдыру бағдарламасы шеңберінде келген болатын.

Әлемге танымал филолог Мэри Исабель Роснер С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге «Арнайы мақсаттағы тіл оқыту», «Академиялық мақсаттағы шет тілін оқыту» атты пәндер бойынша өзінің білімін ұсынды.

С.Торайғыров ПМУ-дың Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ақмарал Қайырбаеваның айтуы бойынша, оқу үрдісіне танымал шетел ғалымдарын жұмылдыруы университет студенттеріне әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу үшін бірегей мүмкіндік береді.