2013 жылдың 2 мамыр күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз Мейрам Хамитовтың 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Техникалық ғалымдарының докторы, ЖАК доценті, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Математика кафедрасының профессоры Мейрам Хамитов ұстаздық жолында математиктердің бірнеше ұрпақтарын оқытқан. Оның шәкірттері аймақта ғана емес, еліміздегі жауапты қызметкерлерінде жұмыс істеуде.
Мейрам Хамитұлы 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер, бес монографиялар, екі есептер жинақтары (бірлескен авторлық), қазақ тіліндегі математика оқулықтың авторы.
Кандидаттық диссертациясында профессор Хамитов дифференциалдық теңдеулер жүйесінің оң периодты шешімін ұсынған.
Аса қадірлі профессордың мерейтойына арналған салтанатты іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев өз сөзінде: «Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, ғалымдық және ұстаздықың жолын таңдаған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас» деп айтқан. Университет декандары, оқытушылары, магистранттары және студенттері, көптеген шәкірттері және әрептестері мерейтой иесін жылы қарсы алған. Мейрам Хамитұлы өзі айтқандай, ғалымдық жолында және университет атағы үшін жұмыс атқарған жылдарына ризашылық білдіремін деді.
Профессордың аймақтық білім беру саласындағы адал еңбегі жоғары баға алған – Мейрам Хамитұлына Павлодар облысы Лебяжі ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, сонымен қатар, ол «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Қазіргі таңда Мейрам Хамитов С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Математика кафедрасында белсенді қызмет атқарып, әлі күнге дейін математика ғалымдарының магистрлерін дайындауда.