С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Медиаорталығының оқу теледидар зертханасы университет теледидарындағы бағдарламалар мен ағартушылық және ғылыми-танымдық фильмдердің Бүкілресейлік «Университет-ТВ» фестиваліне (Томск қ.) қатысып, «Үздік телевизиялық монтаж» номинациясында бас жүлдеге ие болды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің медиаорталығының оқу теледидар зертханасының меңгерушісі Елена Дьяченко 2013 жылдың 15 – 17 сәуір аралығында Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің негізінде өткен университет теледидарындағы бағдарламалар мен ағартушылық және ғылыми-танымдық фильмдердің Бүкілресейлік «Университет-ТВ» фестиваліне, сонымен қатар, «Танымдық теледидар: мемлекеттің интеллектуалдық шамасының сақтануы және дамуы» атты ғылыми-практикалық семинарға қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі, «Сібір ашық университеті» қауымдастығы, Томск облысының қоғамдық палатасы.

Қазақ халқының рухани және музыкалық мәдениеті жөніндегі «Қобыздың сиқырлы сазы» атты ғылыми-танымдық фильм ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Медиаорталығының оқу теледидар зертханасы аталмыш фестивалде Қазақстанның жалғыз өкілі болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Қобыздың сиқырлы сазы» атты фильм «Үздік телевизиялық монтаж» номинациясында бас жүлдені алды.

Фестиваль барысында өз жұмыстарын Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Бұқаралық коммуникациялар және журналистиканың жоғары мектебі, Воронеж мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік университеті, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті, Томск радиоэлектроника және басқару университеті, Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті, «Саха» Ұлттық компаниясы өз өнімдерін ұсынған.

Жалпы айтқанда, фестивалге ресейлік танымал қоғам қайраткерлері, журналистика және білім беру саласындағы белгілі өкілдері, атап айтсақ, Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ректоры, «Сібір ашық университеті» қауымдастығының төрағасы, Ғылымға қолдау Ресейлік қауымдастығы аймақтық бөлімшесінің жетекшісі Георгий Майер, профессор, академик, Ресей Ғылым академиясы төралқасының мүшесі, «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының президенті, Ғылымға қолдау Ресейлік қауымдастығы төралқасының төрағасы, Ресей Федерациясы қоғамдық палатасының хатшысы, ф.-м.ғ.д. Евгений Велихов, инновациялық саясат және ғылыми білім беру кешені жөніндегі Томск облысының губернатор орынбасары Алексей Князев, Бүкілресейлік мемлекеттік телерадиокешені аймақтық департаменті жетекшісінің орынбасары Андрей Никитин, Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті Кино-фото-видеошығармашылықтың кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Наталья Быкова, Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті Журналистика факультетінің деканы Юрий Ершов, «Наука 2.0» ресейлік телеарнаның бас режиссері Илья Яковлев, «Белгород» мемлекеттік телерадиокешенінің директоры Юрий Помельников, «Томск» мемлекеттік телерадиокешенінің директоры Станислав Маринин қатысқан.

Осындай жоғары дәрежесі бар іс-шараларға қатысуы ПМУ-дың оқу теледидар зертханасы қызметкерлерінің алдағы кәсіби қызметін жетілдіру, және де университеттің ғылыми-зерттеу әрі мәдени өмірін бұқаралық ақпараттық құралдарында айқын аймақаралық ақпараттандыру ісіне септігін тигізеді.