2013 жылдың 9 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында ПМУ-дың студенттері ауған соғысының ардагерлері Қызыл Жұлдыз ордені, «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордені иегері Кенжебай Әміров және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Сейталинмен кездесті.

 Аталмыш кездесу 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Ерлік сабағы» атты іс-шаралар циклының аясында өтті.

Кездесу барысында интернационалдық жауынгерлердің ауған соғысында болған қайғылы жайлары, Кандагар, Шинданд ауған аудандарында өткен ұрыстар, қаза болған боздақтар жайлы өз естеліктерімен бөлісті.

Ауған соғысының ардагері Кенжебай Әміров, авторлық әндердің халықаралық байқау лауреаты Мәулен Қожахметовтың орындауындағы сазды әндері кештің сәнін келтірді.

Кенжебай Мұбарақұлы көрермендер назарына жауынгер досы, ауған соғысының ардагері Александр Казаковтың оған арнаған өлеңіне жазған авторлық әнін ұсынды.

Кештің соңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қызметкері Елена Лиханова кештің қонақтары интернационалдық жауынгерлерге ауған соғысында көрсеткен ерлігі үшін зор алғысын білдірді.