С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде (Алматы қ.) өткен психология пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиададан табысты орындарды иеленіп келді.

 Психология пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері: Юлия Дерютина, Данара Ашмағамбетова, Әнел Абылмағзұмова (ПС-302 тобы), Роман Омарханов (ПС-202 тобы).

«Ақ жүрек» деп аталған ПМУ-дың командасы олимпиаданың жалпы есебі бойынша 3-ші орынға ие болды. Ал жеке есеп бойынша Әнел Абылмағзұмова республика бойынша 2-ші орын алды.

ПМУ студенттерін дайындаған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары: п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Ольга Колюх, психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Жүнісова.

Олимпиада барысында командалар өздерін таныстырып, психолог мамандығының ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, психология пәнінің білімін тексеру мақсатында тестілеуден өтті.

Ғылыми жобаны қорғау олимпиаданың соңғы кезеңі болып табылды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері «Студенттердің жеке тұлға аралық қатынастарындағы эмоция тұрақсыздық танытуының ерекшеліктері» атты жобаны ұсынып, өзіндік лайықты дәрежеде көрсетті.

Жобаның ғылыми жетекшісі Ольга Колюхтың айтуы бойынша, ПМУ студенттерінің психология пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуы ізгі дәстүрге айналды. «Аталмыш шара жылдан жылға болашақ психолог мамандардың кәсіптік деңгейінің өсуіне себепші болады», - деп мәлімдеді Ольга Колюх.