2013 жылдың қаңтар айының соңы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің эколог мамандары үшін жемісті болды. Германияның И.В.Гете атындағы Франкфурт университетімен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде  Қазақстан мен ТМД бойынша аналогы жоқ бірегей «Lintab-6» атты құралы германиялық әріптестерден сыйға тартылды.

  Аталмыш шешім 2012 жылдың шілдесі Улан-Батор қаласында (Монғолия Республикасы) өткен «Қазақстан мен Монғолиядағы мал шаруашылығының салыстырмалы түрдегі даму сапасы мен Алтай мен Хантай тауларының орман мен дала аймағындағы биологиялық алуантүрлілік пен орманды қалпына келтіру» («Forest regeneration and biodiversity at the foreststeppe border of the Altai and Khangai Mountains under contrasting developments of livestock numbers in Kazakhstan and Mongolia») атты Халықаралық Форумда жарияланған  болатын.

Форум жұмысына Германия (И.В.Гете атындағы Франкфурт университеті), Ресей, Қытай елдерінің мамандары қатысты. Сонымен қатар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 7 ғалымдары да өз ғылыми зерттеулерін ұсынды.

Форумға белсенді атсалысқаны үшін ПМУ-дың мамандарына «Lintab-6» атты бірегей құралы сыйға тартылды.

«Lintab-6» – дендрохронологиялық, ботаникалық, ағаш өсіруші және де қылмыстық іс сараптамаларда пайдаланатын құрал. Эколог мамандарының айтуы бойынша, «Lintab-6»-ны пайдалану климаттың өзгеруі, табиғи және антропогендік факторлардың экожүйесіне деген ықпалын зерттеуге септігін тигізеді.

Сонымен, аталмыш құрал ПМУ–дың докторанттар пен магистранттардың лабораториялық зерттеулерінің тиімділігін арттыруға үлесін тигізеді.
Университеттің германдық әріптестерімен тығыз қарым-қатынастың тағы бір айғағы – әлемге аты мәлім эколог маман,  И.В.Гете атындағы Франкфурт университетіндегі экожүйелер мен өсімдіктер экологиясын зерттеу кафедрасының докторы Хойма Дуламсурен университетіміздің зерттеулерінде белсенді қатысуда. Сонымен қатар, ПМУ докторантының ғылыми жетекшісі болып тағайындалды. Ол  Павлодарға тәжірибе алмасу үшін жыл сайын келіп тұрады.