2013 жылдың 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Decenta» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Бюджет туралы білгіңіз келетіннің бәрі» атты оқу тренингке қатысты.

Тренинг іскерлік ойын түрінде құрылып, қалалық бюджеттің құрылуы жөнінде жалпы мәліметтерді ұсынуды мақсат етті. Іскерлік ойын түрде өткен сабақ қатысушылардың көңілін көтеріп, көп ақпарат алуға мүмкіндік берді. Ойын әрбір қатысушының өзін қала әкімі, мемлекеттік мекеменің қызметкері, депутат, журналист, зейнеткер және т.б. әлеуметтік топтар рөлінде сезінуіне мүмкіндік берді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының аға оқытушысы Маржан Түсупаева «Decenta» қоғамдық қорының директоры Сергей Гуляевке тренингке қатысқан оқытушылар мен студенттер атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, Маржан Жаңғазықызы аталмыш іс-шаралардың қатысушы студенттерге – болашақ басқарушыларға маңыздылығын атап өтіп, қордың мамандарынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушы-менеджер, экономистері үлгі алып, болашақта оқу орынымызда осындай тренингтерді өткізуіне үміт артатындығын жеткізді.