С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 2013 жылдың 10 мен 21 аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмыс тәжірибелерімен алмасу мақсатында әдістемелік декада өтті.

{besps}/img_dir/{/besps}

Декада екі кезең бойынша өтті:

Бірінші кезең – оқу бағдарламаларын жасаудағы жұмыс тәжірибесі, білім беруде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесі көрсетілген факультеттердің әдістемелік жұмыс презентациясы, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруда нәтижелі әдістерді көрсету;

Екінші кезең – Болондық үрдіс қағидаларын жүзеге асыру мәселері енген оқыту семинарлары: «Академиялық ұтқырлық – әлемдік білім беру кеңістігі интеграциясына апарар жол», «Көптілді білім», «Факультеттердің академиялық бостандығы тұрғысынан білім берудің кредиттік технология мәселелері», «Білім алушылардың білімін бағалау формалары мен құралдары», жоспарлаудың жаңа форматындағы семинар, «Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үрдісін автоматтандыру».

Презентация мен семинарларда С.Торайғыров ат. ПМУ ректоры – Өмірбаев С.М., оқу ісі жөніндегі проректоры - Пфейфер Н.Э., академиялық сұрақтар бойынша департамент директоры - Жарасова Г.С., бөлім басшылары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, сонымен қатар университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.