Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2013-2015 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды.

Қатысушылардың ресiмделген конкурстық материалдарын (қағаз және электрондық нұсқаларын) 2012 жылдың 17 желтоқсанына дейiн маркетинг және коммерциализациялау бөлiмiне тапсыруыңызды сұраймыз.

Конкурсқа қатысты барлық мәлiметтерді маркетинг және коммерциализация бөлiмiнде немесе psu.kz сайтында алуға болады (каб.127, іш.н: 1286 ).