Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті негізінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті орталығының» ашылуы.

 

2011-жылдың 21-сәуірінде Омбы қаласында Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті негізінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті орталығының» ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Мұхтарұлы Арын, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Владимир Семенович Половинко, Омбыдағы Қазақстан Республикасының консулы Эльдар Асқарұлы Қонаев, Омбы облысының мәдениет министрінің орынбасары Иван Федорович Шеин, Омбы облысының білім беру министрінің орынбасары Василий Иванович Петров, Омбы облысындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Елена Васильевна Горкун, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Абуталипұлы Капенов, Қазақстан және Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Бүгінгі таңда Ресейде миллионнан аса этникалық қазақтар тұрады. Олардың көп бөлігі Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қоныстанған. Тек Омбы облысында 100 мыңнан аса қазақтар тұрады, негізінен бұл осы жерлерді қоныстанған қазақтардың ұрпақтары болып келеді. Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасынан 300-ден аса студенттер оқиды. Бұл факторларды және жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамыту саласындағы ортақ мақсаттарды ескере отырып, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті негізіндегі «Қазақ тілі және мәдениеті орталығы» С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арынның бастамасымен ашылды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын өз сөзінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлар бойы орнатылған тарихи достастық және берік байланыстарға ерекше тоқталып кетті. Оның ойынша, бұндай тарихи естелік әрқашан да Қазақстан мер Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың дамуын сындарлы қалыпқа бағыттайды. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын орталық қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін көпшілікке белгілі ету, қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін оқу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен құрылғанын атап өтті. 

Символикалық лентаны кескеннен кейін Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Владимир Семенович Половинко қатынасушыларды айрықша оқиғамен құттықтап, орталықтың жұмысы достастық пен ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру саласындағы сыртқы қатынастарды дамытуға бағытталатынын атап өтті. 

Қазақ тілі және мәдениеті орталығы толығымен ғылыми әдебиетпен, кітаптармен және методикалық мәліметтермен қамтылған. Бұл жерде Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезовтың және Қазақстанның басқа белгілі тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен танысуға болады.

Бүгінгі таңда Қазақ тілі және мәдениеті орталығы тыңдаушылардың 2 тобына ие. Курстың мақсатты аудиториясы – бұл Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің студенттері, басқа жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар студенттердің қатарынан кеткен азаматтар. Бұл студенттердің арасында тілді меңгеруші этниканың өкілдері ғана емес, сонымен қатар басқа ұлттардың өкілдері де бар.

 

Бұл шараның шеңберінде Қазақ тілі мен мәдениеті орталығының әрі қарай дамуы мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту шаралары талқыланды.