ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!

Шетел дәріс берушілердің санын көбейту бойынша бағдарламаларды дамыту шеңберінде 2010-жылдың қазан айынан оқитын студенттер мен магистранттарға пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жоспарлануда

(«журналистика», «ІТ технологиялар»,  «инженерия» (техникалық мамандықтар), «экономика», «қаржы» мамандықтары бойынша).

 

Ағылшын тілінде оқу қосымша факультативті семинарлық сабақтарды көздейді. Ұсынылып отырылған ағылшын тіліндегі оқу пәндері біздің университеттің шығарушы кафедраларының базалық оқу жұмыс жоспарларында айқындалған ең маңызды элективті пәндердің атауларымен сәйкес анықталған.

Бұл жоспарды іске асырудың бастамасы 2010-жылдың 22-қыркүйегінде американдық оқытушы Деннис Ли Кемптің қатысуымен өткізілген ашық сабақ болды. Бұл ашық сабаққа физика, математика, ақпараттық технологиялар факультетінің ИС(э)-тобы студенттері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Оқытушы «Жаппай қызмет көрсету теориясы» тақырыбына дәріс оқыды. Барлық студенттер пікірталасқа қатысып, оларды қызықтандыратын сұрақтарды қойды.

Осы оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдары жарықтандырды, теледидар, журнал, радиодан жергiлiктi журналистер шақырылды.

Деннис Ли Кемп С. Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен ары қарай жемiстi және тығыз байланысты жалғастыру ниетін білдірді.