2010 жылдың мамыр айының 17 жұлдызында С. Торайғыров атындағы ПМУ-де Халықаралық ынтымақтастық департаменті АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдерімен С.И. Камиринамен, А.Е. Молтабаевамен кездесу кешін өткізді.

Ақпараттық семинарда қатысу үшін Павлодар қаласының және Павлодар облысының мектеп бітіруші түлектер, студенттер, жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрам, сонымен қатар жергілікті мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлер шақырылды.

АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдері С.И. Камарина және А.Е. Молтабаева кештің қатысушыларына «Болашақ» атты ҚР Президентінің стипендиялық бағдарламаның тұсау кесерінің толық мәліметін ұсынды, ақпараттық кездесуде «Болашақ» бағдарламаның сұрыптау шарттары,  үміткерлерге қоятын талаптар туралы, үлестің категориясы, құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы айтылды.

Семинардың аяқталу кезінде бағдарламаның потенциалды үміткерлердің Орталық өкілдеріне  қажетті сұрақтарды қоюға және оған толығымен жауапты алуға мүмкіншілігі болды.

Кездесуде Орталықтын өкілдері «Болашақ» бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтитын тартулық журналдар және дисктер түрінде үлестірме материалдарды таратты.

Халықаралық білім беру бағдарламаларды іске асыру үшін және стипендиаттардың санын арттыру мақсатында Халыкаралық ынтымақтастық департаментінің мамандары «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарлама туралы жеке консультацияларды өткізеді.