2010 жылдың 25 ақпанында Еуропалық Одақ Бұрышын ашу мақсатында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне ҚР-дағы ЕуроОдақ өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустен және оның зайыбы жетекшілік еткен ЕуроОдақ делегациясы ат басын тіреді.
Еуропалық Одақтың ХХІ ғасырдағы миссиясы мыналар:
- тұрғындар үшін бейбітшілік, гүлдену және тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- келіспеушіліктерді жою;
- адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- теңдестірілген экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету;
- тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау адам құқықтарын сақтау және әлеуметтік-болжалды нарықтық экономика сынды құндылықтарға қолдау білдіру.
Біздің университет қабырғасында Еуропалық Одақ бұрышының ашылуы – делегацияның Павлодар облысына іс-сапары кезіндегі басты мақсаты болып табылады. ЕуроОдақ делегациясының құрамында, сондай-ақ, ҚР-дағы Испания Корольдігінің Елшісі Альберто Антон Кортес мен оның зайыбы, ҚР-дағы Польша Республикасының Елшісі Павел Чеплак, ҚР-дағы Польша Елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Бартоз Яблоньский және Қазақстандағы Еурокомиссия Делегациясының техникалық қолдау бөлімінің басшысы Рене Мали болды.
Еуропалық Одақ бұрышының салтанатты ашылу рәсімінен кейін университет меймандары Ә.Марғұлан атындағы археологиялық мұражайдағы жәдігерлерді тамашалады. Археологиялық музейдегі экспозициялар біздің университеттегі Ә.Х.Марғұлан атындағы ғылыми-зерттеу орталығы жүргізетін зерттеулердің, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелігін айшықтайды.
Ғылыми Кеңес отырысы залында университет қонақтары студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу өткізді. Тыңдаушылар Еуропалық Одақ туралы толғандыратын сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойына орай мәртебелі меймандар тілектер кітабында жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті.