Торайғыров университетіне Академиялық адалдық лигасының мониторинг тобы келді. Топтың мақсаты – университет қызметімен танысып қана қоймай, оқу үдерісінің қалай ұйымдастырылғанын, академиялық адалдықты қамтамасыз ету тетіктерінің қалай жүзеге асырылатынын зерделеу және университетті одан әрі дамыту бағыттарын айқындау.

 

TOU 2026 жылғы 4 наурызда Академиялық адалдық лигасына қосылды. Бұл – Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын біріктіретін, білім сапасын арттыруға және академиялық адалдық мәдениетін дамытуға бағытталған бірлестік.

 

Үш күндік жұмыс қорытындысы бойынша мониторинг топ университетке академиялық адалдық ортасын одан әрі жетілдіруге және осы бағыттағы жұмысты дамытуға мүмкіндік беретін ұсынымдар ұсынады.