Торайғыров университетінде «Жастар аудиториясымен тиімді коммуникация орнату үшін дін қызметкерлерінің медиасауаттылығы мен блогерлік мәдениетін қалыптастыру» атты біліктілікті арттыру курсы өтуде.

 

Оқыту ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Курс офлайн және онлайн форматта өткізіледі.

 

Курсқа Павлодар облысында тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері, діни-ағартушылық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысуда.

 

Бағдарламаның модульдеріне сәйкес оқытуды келесі спикерлер өткізеді: Кожамжарова Майра Жанайдаровна – жобаның жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Аубакирова Салтанат Советовна – жобаның аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, профессор, Мажитова Айнаш Әлібайқызы – жобаның кіші ғылыми қызметкері, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ докторанты, Зейнулина Айман Файзулловна – филология ғылымдарының кандидаты, «Үш тұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі, Еликпаев Серик Толебаевич – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі, Раздыкова Гульназ Максутовна – тарих ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор (доцент),Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Ташекова Айгерим Тарбиновна – PhD доктор, қауымдастырылған профессор (доцент), Айтмагамбетова Марал Бейсетаевна – PhD доктор, «Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, Долиев Жапал Әмзебекұлы – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранты, Аманбаев Болат Советович –Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы,тележурналист, «Казақстан» телеканалының корреспонденті, Кәкім Бәкіжан Берікұлы – ҚР Журналистер одағының мүшесі, әлеуметтік ғылымдар магистрі, блогер.

 

— Торайғыров университетінде өткен екі күндік семинар өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Семинар барысында кәсіби қызметімізге қажетті көптеген құнды ақпарат алып, жаңа дүниелерді үйрендік, — деп бөлісті Павлодар қаласындағы «Ғазиз» мешітінің бас имамы Асқар Қуаныш.

 

Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру сертификаты беріледі.

 

Курсты өткізу қатысушылардың заманауи медиакоммуникациялар саласындағы дағдыларын жетілдіруге және цифрлық ортада жастар аудиториясымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қажетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.