Торайғыров университетінде «Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі: өзекті міндеттер, даму механизмдері және күтілетін нәтижелер» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, декандардың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары және кафедралардағы ғылыми қызметке жауапты мамандар қатысты.

Семинарды Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Медетов ашты.
Семинар аясында университет ғылымын ұлттық және халықаралық рейтингтерде ілгерілету, ғылыми қызметті дамытудың нормативтік негіздері мен механизмдері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды даярлауды жоспарлау және сүйемелдеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ қатысушыларға ToU Research Portfolio платформасы таныстырылды.

Іс-шараның практикалық бөлімі брейнсторминг-сессия форматында өтті. Қатысушылар негізгі іс-шараларды, іске асыру мерзімдері мен жауапты орындаушыларды айқындай отырып, 2026–2029 жылдарға арналған факультеттер мен кафедралардың ғылыми қызметінің нысаналы көрсеткіштеріне жетудің жол картасын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеді.

Семинар топтық жұмыстың нәтижелерін таныстырумен және университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту жөніндегі қадамдарды талқылаумен аяқталды.

Шара ашық диалог, пікір алмасу және ғылым мен зерттеу саласындағы стратегиялық мақсаттарға жетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру алаңына айналды.