Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Торайғыров университетіне ат басын бұрды.

 

Кездесу барысында Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Медетов университеттің білім беру, ғылым және инновация бағыттарын біріктіретін заманауи экожүйесімен таныстырды. Атап айтсақ, Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық музейдің қызметімен және археология бағытындағы ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен, жасанды интеллект зертханасының мүмкіндіктерімен, ғылыми кітапхананың жұмысымен және ғалымдардың еңбектерімен танысты.

 

Мұндай кездесулер жоғары оқу орны мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім мен ғылымның әлеуметтік сұраныстарға сай дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыруға, яғни академиялық орта, мемлекеттік институттар және азаматтық қоғам арасындағы тиімді серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.