“Таза Қазақстан” акциясын қолдауда Торайғыров университетінің ғалымдары мен әкімшілік басқару қызметінің барлық бөлімшелері университет аумағын және оның сыртын тазалау үшін сенбілікке шықты.

 

 

Аталмыш экологиялық акциясы аясында жаңарту, ағаш отырғызу жұмыстары өңірді көгалдандыруға, табиғатты қорғауға және жасыл желектер санын арттыруға бағытталған. Осыған орай сенбілік шеңберінде жүзім ағаштары отырғызылып, университет айналасы жапырақтар мен қоқыстардан тазартылды. 

 

 

Ауыл шаруашылық факультетінің аға оқытушысы Ардагер Сарбасов өз сөзінде жиналған барлық жапырақтар мен табиғи қалдықтар білім алушыларға практикалық сабақтарда, зертханалық жұмыс жүргізуде, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды даярлау үшін пайдаланатынын атап өтті. 

 

 

Шара ұжымдық рухты нығайтып, студент жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін де жоғары маңызға ие.