Қарағанды қаласында паратхэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Аталған жарысқа Торайғыров университетінің студенттері де қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

 

 

Университет намысын үш студент қорғап, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша екі спортшы чемпион және жүлдегер атанды.

 

 

P-52 санаты (ДЦП, арбада) бойынша ИС-202 (с) тобының студенті Алтынбек Ерсынұлы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Осы санатта ПД-302 тобының студенті Әлібек Қарқанов күміс жүлдеге ие болды. Спортшылардың жаттықтырушысы — Спорттық даму дирекциясының бас жаттықтырушысы Мұхтар Жүсіпов.

 

 

Чемпионат нәтижесі бойынша спортшылар Қазақстан Республикасы спорт шебері нормативтерін орындап, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін дәлелдеді.