Тараптар серіктестіктің жаңа перспективаларын талқылады.



«Павлодарэнерго» АҚ-на Торайғыров университетінің ректоры Нурлан Медетов пен  Энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов барып қайтты. Олар энергетикалық компанияның басшысы Олег Щемельмен ынтымақтастық нұсқаларын талқылап, энергетика саласы үшін білікті кадрларды даярлау, дуалды оқытудың қыр-сыры және ақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен жұмыс мәселелерін қозғады.


Тараптар «Павлодарэнерго» АҚ бөлімшелерінің инженерлік құрамы үшін шетелдік ғалымдардың тренингтерін өткізуді және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қоюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын ToU зертханалық базасын жаңартуға ықпал ете алады.