Мемлекеттік мерекенің маңыздылығын Торайғыров университетінің студенттерімен депутаттық корпус және құқық қорғау органдарының өкілдері талқылады.



Диалог алаңына ToU ректоры Нұрлан Медетов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбай, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Қожин, Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Бақытжан Досанов, сот актілері мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы Ғани Қалыбеков және қадағалау органдарының басқа да өкілдері қатысты.



Кездесу қонақтары Республика күнінің тарихы туралы айтып, бұл күннің барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын атап өтті. Кейін студенттер депутаттар мен құқық қорғаушыларға ұлттық мерекеге қатысты өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.