Торайғыров университетінің 65 жылдығы аясында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тауасқан Медет Алпысбайұлымен кездесу өтті.



Кездесу барысында М. Тауасқан «Мәдениет пен тәрбие – ұлттың рухани тірегі» тақырыбында мазмұнды дәріс оқып, студенттермен ой бөлісті. Медет Алпысбайұлы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениет пен тәрбие сабақтастығының қоғамдағы маңызы туралы жан-жақты баяндады.



Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды. Іс-шара соңында қонаққа Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.



Бұл кездесу жастардың рухани және мәдени дамуына зор серпін берді.