Торайғыров университетінің бірінші курс студенттеріне тұлғалық және кәсіби дамуға мүмкіндік беретін ұйымдарды таңдау ұсынылды.



Дәстүрлі жәрмеңке ToU-дың мәжіліс залында өтті. Әр студенттік ұйымды оның белсенді мүшелері таныстырды. Университет жастарға тек жоғары білім алып қана қомай, жаңа кәсіби және коммуникативтік дағдыларды дамыту мүмкіндігін ұсынды. Іс-шараға жүздеген студент қатысты.



Жәрмеңке күні бірінші курс студенттерін волонтерлік отряд «LaVie Добро», шығармашылық жобалар ұйымы «ToU Oner», студенттік клуб «Атамекен», кәсіпкерлік қозғалыс «Enactus», студенттік театр «Мұрагер», «ToU FM» радиосы, пікірсайыс клубы «President», университеттің жастар ісі жөніндегі комитеті, «Жастар рухы» жастар қанаты, жергілікті КВН лига және университеттің үш кампусының студенттік комитеттері қарсы алды.