Қазіргі таңда жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың маңызы арта түсуде. Осы орайда Шәкәрім университетінің өкілдері Торайғыров университетіне арнайы іссапармен келіп, бірқатар кездесулер өткізді.

 

Сапар барысында қонақтар университеттің ғылыми зертханаларымен танысып, ғылыми жобалар мен зерттеу бағыттары бойынша ақпарат алды. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 

Меймандар Павлодар өңірінің археологиялық мұраларына арналған музеймен, университет кітапханасымен және оқу орнының тарихы және жетістіктерімен танысты.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта бірлескен білім беру мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.