Торайғыров университетінде Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде.


Курс бағдарламасы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға және зауыт мамандарының кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған. Екі айға жалғасатын дәрістерді Торайғыров университетінің оқытушылары жүргізеді.