Бірінші курс студенттерімен кездесу университеттің мәжіліс залында өтті. Жиында ашық онлайн-курстар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Платформада қандай пәндер ұсынылатыны, қандай дағдыларды меңгеруге болатыны және курстардың жалпы білім беру үдерісіне әсері кеңінен түсіндірілді. Әсіресе тіркелу тәртібі мен қажетті курстарды іздеу жолдарына ерекше назар аударылды.