Торайғыров университетіне Павлодар облысы көші-қон полициясының өкілдері келді.

ЖОО қонақтары арасында облыстық полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Қанат Сартов, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Әлмира Хайруллина және инспектор Бейбіт Қонысбек болды. Олар Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың болу тәртібін, тіркеу және визаны ұзарту ережелерін, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын еске салды. Кездесу барысында шетелдіктердің қауіпсіз болу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ToU ректоры Нұрлан Медетов университеттің көші-қон полициясымен тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда ЖОО-да Германия, Нигерия, Бангладеш, Ауғанстан, Моңғолия, Түрікменстан және Ресей Федерациясынан келген 190-ға жуық білім алушы оқуға түседі деп күтілуде. Сондықтан тараптар шетелдік студенттерге Қазақстанда болу және тіркелу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіру үшін арнайы кездесулер өткізуге келісті.