Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі алдағы үш жылға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелерін жариялады. Жеңімпаздар қатарында Торайғыров университетінің ғалымдары әзірлеген сегіз жоба бар.

 

ToU ғылыми жобаларына 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландырудың жалпы сомасы 880,5 миллион теңгеден асты. Ғалымдарымызды шын жүректен құттықтаймыз және жоспарланған жобалар аясында табысты еңбек тілейміз!

 

 • «Металлургия» кафедрасының профессоры Алексей Богомолов – «Тұйық цикл жағдайында кешенді металлургиялық қайта өңдеу кезеңінде болат пен ферроқорытпалардың тұтынушылық қасиеттерін арттыру»;

 

 • «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Асылхан Маздубай – «Күрделі құрылымды кен орындарына арналған бұрғылау құралдарының конструкциясын жетілдіру және тозуға төзімділігін арттыру»;

 

• Инженерия факультетінің деканы Қайратолла Әбішев – «Автоматты аккумуляторлық батареясы бар біріктірілген энергетикалық қондырғысы бар көлік құралын әзірлеу және зерттеу»;

 

• «Жылуэнергетика» кафедрасының меңгерушісі Амангельды Карманов – «Жанғыш заты аз органикалық қалдықтарды кәдеге жарату процестерін зерттеу және оларды жағу арқылы жылу өндіретін құрылғыны әзірлеу»;

 

 • «Электроэнергетика» кафедрасының профессоры Бауыржан Машрапов – «Қазақстандағы атом электр станциясындағы электр схемасындағы есепке алынбаған ақаулар салдарынан туындауы мүмкін апаттардың алдын алу және оларды оқшаулау»;

 

 • «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Софья Масақбаева – «Полимер қалдықтарын термопластикалық өңдеу арқылы композиттер жасауға қатысты химиялық-технологиялық аспектілер»;

 

• «Зоотехнология және ветеринария» кафедрасының профессоры Төлеген Асанбаев – «Қазақтың жергілікті тұқымды жылқыларының төрт экотипінің генетикалық алуантүрлілігін толық геномды секвенирлеу арқылы зерттеу»;

 

 • Доцент Булат Жұмаділов – «Гиперспектралды түсірілім мен LiDAR синергетикалық интеграциясы және компьютерлік көру технологиялары арқылы бидай агроценозын интеллектуалды бақылау жүйесін әзірлеу».