Торайғыров университетінде оқитын 130 запастағы офицер бір мезетте ант қабылдады.

 

 

Әскери кафедра базасында салтанатты түрде ант қабылдау игі дәстүрге айналды. Биыл запастағы офицер әскери атағын алу бағдарламасы бойынша білім алатын 130 студенті Отанға адал болуға уәде етті. Олардың әрқайсысы Отан аалдындағы борышын адал өтейді. Салтанатты рәсімін ант берушілердің ата-аналары мен жақындары тамашалады.

 

Содан кейін студенттер негізгі жеке құраммен бірге сап түзеп, салтанатты маршпен жүріп өтті.