Кәсіби шеберлік байқауы 13-15 мамыр аралығында өтті. ERG Skills Еуразиялық топпен үшінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы Торайғыров университетінің студенттері бірден бірнешеқұзыреттілікте бақ сынасты. Екінші курс студенті Нигмат Кабулов "Құю ісі" бойынша, екінші курс студенті Андрей Фукс "Инженерлік графикажәне CAD" құзыреті бойынша қатысты. Балалар құю өндірісінде металл бөлшектерін алу үшін құю қалыптарын компьютерлік жобалау және қолмен қалыптаудағдыларын сарапшыларға ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша Нигмат Кабулов екінші орын алды.Оның сарапшысы және тәлімгері "Металлургия" кафедрасының зертхана меңгерушісі Нұрболат Кулумбаев болды.

 

 

- Мұндай конкурстарға қатысу студенттер мен оқытушыларғаболашақ табысты мансап үшін сұранысқа ие кәсіби құзыреттіліктер бойынша практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, ал университетке студенттердің еңбек нарығында бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін білім, білік және дағдылар деңгейін арттыру үшін өздерінің оқу бағдарламалары мен әдістерін түзетуге мүмкіндік береді, - дедіТорайғыров университетінің Еxtention үздіксіз білім беру орталығының директоры Петр Быков. 21-23 мамыр аралығында токарлық іс, слесарлық іс жәнезертханалық химиялық талдау бойынша ERG Skills өтеді. Барлық құзыреттерде ToU студенттері қатысады.