Торайғыров университетінде «XXV Сәтбаев оқулары» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми

конференция өтті. Бұл іс-шара көрнекті қазақ ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналды.

Университет ректоры

Нұрлан Медетов конференцияның маңыздылығына тоқталды.

 

Конференция қонақтары арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қаныш Сәтбаевтың

ұлттық және азаматтық қызметін дәріптеуші, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық Сәтбаев қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы, ҚР

Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, Екібастұздағы шахтерлер әулетінің негізін қалаушы, қаланың құрметті азаматы Ришат Әміренов болды

 

Сәтбаев оқулары –Қазақстан ғылымының өзекті мәселелерін талқылау алаңы. Мәселен,  көктемгі су тасқыны мен селдер, олардың

салдары ел өңірлерін алаңдатып отыр.

 

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды, ал олардың ғылыми мақалалары жыл

сайынғы жинаққа енгізіледі.

 

Конкурсқа шамамен 1500 ғылыми мақала ұсынылып, жалпы 36 секциялық отырыс өтті.