Торайғыров университетінде тарих пәні бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII республикалық пәндік олимпиада өтті.

 

 

Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне ToU ректоры Нұрлан Медетов қатысты.

- Тарихты зерттеу жастардың бойында өз тамырын, ел үшін жауапкершілігін және оның болашағына деген қызығушылығын түсінуді қалыптастырады. Торайғыров университетінде біз тек білім беріп қана қоймай, студенттердің тарихи процестерді терең түсінуге деген қызығушылығын сақтауға тырысамыз. Мұндай олимпиадалар - жастарды, соның ішінде өз елінің өткеніне тереңірек ену жолын таңдаған мектеп оқушыларын ынталандыру тәсілі