Торайғыров университетінің ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің қабырғасында "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Сонымен қатар, олимпиадаға қатысушылар 
ToU аумағында өткізілген "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты.

"Ертіс орманы" резерватының туризм және эко ағарту бөлімінің қызметкерлері ҚР алты жоғары оқу орнының студенттерімен және ПОҚ бірлесіп 100 көшет көлемінде жеміс-жидек ағаштарын отырғызды.