Экономика кафедрасының оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетіне барды.


АР19676438 "Цифрландыру жағдайындағы еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің теңгерімді өзара іс-қимыл тетігі" гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде жоба жетекшісі Зульфия Арынова мен аға ғылыми қызметкерлер Светлана Золотарева мен Саида Кайдарова дан құралған жоба командасы БМУ-ға (Бұхара қ., Өзбекстан Республикасы) барды.

 

Сапар барысында кафедра өкілдері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, студенттер үшін қонақ дәрістер өткізіп, сондай-ақ университет пен экономика факультетінің басшылығымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.


Кездесулер барысында Қазақстан мен Өзбекстан экономикасын цифрландыру жағдайындағы еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Кадрларды даярлау, білім беру бағдарламаларын бейімдеу және цифрлық экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.