Торайғыров университетінің тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада 2-орынға ие болды.

 

 

Команда құрамына 3 курс студенттері Әділет Амангелдинов пен Аслан Асқарбеков кірді.

Жетекшісі биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Урузалинова болды.

Олимпиада Ақтауда Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.