Торайғыров университетіне Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович келді.

 

Кездесу барысында тараптар студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылады.

– Торайғыров университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Біз Хорватия жоғары оқу орындарымен серіктестіктің мүмкіндіктерін талқылап отырғанымызға қуаныштымыз. Біздің студенттер Еуропадағы жоғары білім беру жүйесін зерттеп, тәжірибе алмасса, өте пайдалы болар еді. Жақын арада мұндай серіктестік мүмкін болады деп ойлаймын, – деді университет ректоры Нұрлан Медетов.

Сонымен қатар, қонаққа арналып университет ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Елші зертханалық базалармен танысып, Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық музейде болды.