Торайғыров университетінде Bilimdi Keleshek-I Халықаралық жоғары білім беру көрмесі өтті.

Bilimdi Keleshek-I  - жоғары сынып оқушыларының Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттерімен тікелей қарым-қатынасының ең ірі платформасы. Көрмеге 2000-нан астам оқушы қатысып, ЖОО өкілдерінен кеңес алып, оқуға түсу мүмкіндіктері мен білім беру бағдарламалары туралы білді.

Көрмеге Торайғыров университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Тұран-Астана, Азаматтық авиация академиясы, РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті және т. б. жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушы жастар саясатын қолдау орталығы - ел жастарының жеке және кәсіби дамуына ықпал ететін республикалық платформа болды.