Торайғыров университетінде Павлодар облысында туризм мен бұқаралық спортты дамыту перспективалары тақырыбына арналған "дөңгелек үслел" өтті. 

 

 

-⁠Павлодар облысы емдеу-сауықтыру, экологиялық, спорттық, мәдени-танымдық, балалар-жасөспірімдер, өнеркәсіптік, іскерлік және қасиетті жерлер, агротуризмді дамыту бағытында тартымды. Бүгінгі дөңгелек үстелде ьуризмнің қазіргі жай-күйі, Павлодар облысында туризмді дамытудың перспективалық бағыттары, кедергі келтіруші негізгі факторларды егжей-тегжейлі талқылаймыз және шешу жолдарын ұсынамыз, - деп атап өтті ToU ректорының м.а. Нұрлан Ержанов.


Қонақтар арасында Қоғамдық кеңестің өкілдері, туризм мен бұқаралық спортты дамыту мәселелерінің бас үйлестірушісі, Павлодар облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілі, Павлодар облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының туризм және қонақ үй бизнесі жөніндегі салалық кеңесінің өкілі және өзге азаматтар болды. 

Демалыс базаларының аумақтарында экологиялық-тазарту іс-шараларын өткізу, инклюзивті туризмді дамыту үшін облыста жағдай жасау, туристік ұйымдар мен қонақ үй бизнесі үшін экскурсовод-гидтерді дайындау бойынша оқыту курстары талқыланды.