Торайғыров университетінде "Мамандығым - болашағым"жобасы бойынша өңірлік оқыту семинарының ашылуы өтті.


Диалог алаңының спикерлері Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, "Мамандығым - болашағым" жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов және ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығының жобалық кеңсесінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуші Марина Скиба болды. Олар "Мамандығым - болашағым" жобасы туралы айтып, "Кадрларға қажеттілік бойынша өңірлік картасының" маңыздылығы оның мен міндеттерін талқылады.

Үш күн бойы ToU-да жоба бойынша форсайт-сессиялар өтеді. Айта кету керек, Торайғыров университеті оның аймақтық кеңсесі болып табылады.

- Күн сайын мамандарды даярлау тәсілдері өзгеріп отырады, бұл ретте нарық өз шарттарын белгілейді. Сондықтан, жоғары оқу орындары мен олардың ұжымдары сапалы білім беру және нақты сұранысқа ие және білікті мамандарды шығару үшін өз жұмыстарын үнемі қайта құруы керек. Торайғыров университеті жақсы жаққа өзгеруге дайын, сондықтан біз әрқашан өұжымымыздың құзыретілігін арттыруға тырысамыз, - деп атап өтті ЖОО ректорының м.а. Нұрлан Ержанов.

Семинардың бірінші күні "Форсайт болашақты жобалау әдісі ретінде" атты шолу дәрісі өтті.