ToU профессорлары атом электр станциясын салу жөніндегі халықтық штабқа белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Салтанатты рәсім "AMANAT" партиясының облыстық филиалында өтті. Штаб қатысушыларына Алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері де болды.

 

Референдумға дейін бір ай ішінде жоғары оқу орнының ғалымдары халықтық штаб құрамында Павлодар облысының тұрғындарымен кездесіп, Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі мен шарттарын талқылады.