Торайғыров университетінде Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын талқылауға арналған "дөңгелек үстел" өтті.

Торайғыров университетінің

Басқарма мүшесі – университет ректорының м. а.  Нұрлан Ержанов құттықтау сөз сөйледі.

- Энергетикалық қауіпсіздік сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында атом энергетикасын дамыту Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Атом өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлау және осы саладағы ғылыми зерттеулер ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Біз Қазақстанның болашағы әділ және гүлденген қоғамның кепілі болатын озық технологиялар мен ғылыми жетістіктерге негізделетініне ұмтылуымыз керек, - деп атап өтті Нұрлан Ержанов.

 

 

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы - Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген әділеттілік, құқықтық тәртіп, экономикалық өсу және әлеуметтік оптимизм мәселелері бойынша пікір алмасу.

 

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер баяндама жасады.

Елдің орнықты дамуының негізі ретінде Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздігі, ел болашағындағы атом энергетикасының рөлі, АЭС үшін кадрлар даярлау және ғылыми әлеуеттің өсу перспективалары сияқты мәселелер көтерілді.

 

Дөңгелек үстел аясында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның дамуы үшін бейбіт атомды пайдалану мәселелері талқыланды.