Торайғыров университетінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін "Кәсіподақ көшбасшысының коммуникациясы және жеке өсуі, еңбек жанжалдарын шешу" тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева қатысты.
-Кәсіподақ қозғалысының проблемаларын зерттеу бойынша кәсіподақ зертханасы ашылғаннан бері көп уақыт өтпегенін, бірақ осы кезеңде жемісті жұмыс жүргізілгенін атап өткен жөн. Ертіс және Тереңкөл аудандық кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, - деді университет  қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастілек Уахитов.
Семинарда HR-қызметінің директоры Анар Жәкішева мен  Тұлғалық даму және білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры  Самал Антикеева дәріс оқыды.