Торайғыров Университетінде "National Laboratory Astana" ЖМ жетекші ғылыми қызметкері Фаил Сұлтановпен кездесу өтті.
Кездесуге ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарма мүшесі-проректор Нұрлан Ержанов, сондай-ақ химия және химиялық технологиялар, электротехника және автоматтандыру, машина жасау және стандарттау, экономика кафедраларының оқытушылары мен докторанттары қатысты.
Фаиль Разифович ғалымдарға өзінің АР13067625 "Литий-күкірт батареяларына арналған графен оксиді мен максен (MXene) негізіндегі композициялық аэрогельдердің синтезі және зерттелуі" атты ғылыми зерттеуін ұсынды. 

Кездесу барысында  Торайғыров университеті мен "NATIONAL LABORATORY Astana" арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.