Торайғыров университеті гранттық байқау қорытындысы бойынша алдағы үш жылға 1,17 миллиард теңгеден астам сомаға 11 ғылыми жобаны қаржыландыруды жеңіп алды. 2024 жылы ЖОО ғалымдарының жобаларын гранттық қаржыландыру 359 миллион теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп және ToU ғылыми мектебінің, оның ішінде жас ғалымдардың қызметіне берілетін жоғары баға туралы айтады.

Ғылыми ізденісте жетістікке жеткен барлық ғалымдарды құттықтаймыз, жаңа табыс пен жоспарланған нәтижелерге қол жеткізулеріңізді тілейміз!