Торайғыров университетінде ЖОО ғалымдары төтенше жағдайларды болжауға және алдын алуға бағытталған өздерінің ғылыми әзірлемелерін ұсынды.

 

 

 

 - Ғалымдар прогреске қолын созып қана қоймай, адамзаттың қауіпсіздігін де қорғауда. "Мықты ЖОО - мықты өңір" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар бар. Университет ғалымдарының идеялары мен әзірлемелері Павлодар облысында өз қолданысын табады деп үміттенемін. Осы бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Ғалымдар мемлекеттік органдарға елді мекендерді еріген су басуының алдын алуға, гидрологиялық мониторингтің автоматты жүйесін әзірлеуге, жасанды интеллектті қолдана отырып, өрттер мен су тасқынына ден қоюдың геоақпараттық жүйесін құруға, Павлодар облысының УЦТ-мен бірлескен жобаны, пилотсыз технологияны (түтін, өрт) пайдалана отырып, қоршаған ортаны мониторингтеу жүйесін жобалауға бағытталған 20-ға жуық жобаны таныстырды.

 

Бұл жобалар жергілікті атқарушы органдардың, төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдете алады.

 

Іс-шараға қатысушылар арасында Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының, Ауыл шаруашылығы басқармасының, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының, "Қазгидромет" РМК Павлодар облысы бойынша филиалының және ветеринария басқармасының өкілдері қатысты.    

 

Сонымен қатар, орман алқаптары мен ауыл шаруашылығы алқаптарына бай Павлодар облысы жыл сайын өрт шығу қаупіне тап болады.