Торайғыров университетінде Мұрат Әуезов пен Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығы мен өміріне арналған әдеби кеш өтті. 

Шараға ф.ғ.д., профессор Айтмұхамбет Тұрышев пен Үштұғырлы тіл кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Айман Зейнуллина қатысты. Ғалымдар авторлардың шығармаларына тоқталып, өмірлік мәніне тоқталды. Жазушылардың шығармалары сыни ойлауға ынталандырып, туындыларды оқу кезінде жеке ой қалыптастыруға ынталандыратыны туралы айтылды. 

Әдеби кешті «Beisembayev Library» кітапханасы Торайғыров университетінің жоғары колледжі мен «Foundation» факультетімен бірге ұйымдастырды.