Балаларды қорғау күні қарсаңында ToU студенттері облыстық мамандандырылған балалар үйіне барды.
Университеттің № 2 Студенттер кеңесі бастама көтеріп, балалар үйінің басшысымен келісе отырып , балаларға қажетті гигиена құралдарын, дәрі-дәрмектер мен ойыншықтар сатып алды.

Облыстық мамандандырылған балалар үйі белгілі бір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл жерде анамнезінде құрсақішілік кезеңнің және босанудың қолайсыз ағымы, жаңа туған кезеңнің аурулары, қолайсыз тұқым қуалаушылық бар шала туылған нәрестелер көп.
ToU студенттері бастамашылық танытып, балаларға көмектесу үшін қаражат жинауда.