Торайғыров университетінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артистері Бекжан Тұрыс, Шынар Асқарова және Райымбек Бекетпен кездесу өтті.


-- Шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесу бір ғанибет. Олардың өмірге деген, қандай да бір қоғамдық үрдістерге деген ерекше көзқарасы бар. Сондықтан, шығармашыл тұлғалармен кездесу әрдайым жағымды әсер қалдырып, бойымызға күш-қуат береді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 
Қонақтар ToU студенттеріне актерлік ойын бойынша кеңес беріп, өз ойларымен бөлісті.