Торайғыров университетінің студенттері "Таза Қазақстан" және "Парктер маршы- 2024" акцияларына қатысты.

Сенбілік "Ертіс орманының" Шалдай филиалының Садықащы орманшылығындағы "Лешкин соқпағы" туристік маршрутында өтті.  - ToU студенттері сияқты жақсы іс жасаңыздар. Осы аптада  Агротехнология кафедрасының білім алушылары Шарбақты ауданындағы Ғабдул Уахит Хазірет кесенесіне баратын жолды тазалауда қол ұштарын созды. Біздің жастар "Ертіс орманы" резерваты өкілдерінің қарағайлы орманды тазалауға шақыруына қуана жауап берді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Маршруттың көп бөлігі  бірлескен күш-жігермен тазартылды.