Германиядан келген профессор және сарапшы Иоахим Хельдберг электр энергетикасы факультетіне дәрістер курсын оқыды. 

 

Дәрістер Senior Experten Service (SES) бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында оқылды. Сонымен қатар, электр техникасы және автоматтандыру кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған семинар өтті. 

Еске сала кетейік, шетелдік ғалымдардың дәрістері - университеттегі тұрақты тәжірибе. 

Бүгінгі күнге дейін оқу орнында Түркия, Чехия, Германия, Черногория, Хорватия, Пакістан, Эстония, Испания, Польша және Үндістан ғалымдары болды.